«PETROSUN» ЖШС ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

«PETROSUN» ЖШС ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) ағымдағы жылы «Petrosun» ЖШС қолданыстағы шарттық қатынастары бар нарықтың жекелеген субъектілеріне АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны саудасында негізсіз шектегенін анықтады.

Сондай-ақ «Petrosun» ЖШС-нің іс-әрекеттері жекелеген контрагенттермен шарттардың талаптарын бұзуға алып келді және олардың заңды құқықтары мен мүдделеріне қысым жасауға әкеп соқтырды.

Осыған байланысты, Департамент қызметкерлерінің қорытындысы негізінде «Petrosun» ЖШС үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша 542,9 млн. теңге сомасы көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.