БҚДА ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫСТЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТАРИФТІК ЖОСПАРЛАРЫНА БАҒАНЫҢ ӨСУІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТҚА ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

БҚДА ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫСТЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТАРИФТІК ЖОСПАРЛАРЫНА БАҒАНЫҢ ӨСУІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТҚА ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ
  1. Ұялы байланыс тарифтерінің алдағы өсуі негізді ме?

 

Ұялы байланыс қызметтері нарығы мемлекеттің қатысуының жоғары шоғырлануымен және үлесі басым.  Қазақстанда 3 ұялы операторы бар,  оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ-ның 2 еншілес операторы – «Kcell» АҚ (kcell/aktiv) және «Мобайл Телеком – Сервис» ЖШС (Tele2/Altel) -  62% нарықтың жалпы үлесі бар және 3-ші қатысушы- «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) жеке оператордың үлесі – 38%.

Жалпы алғанда аталған мобильді операторлар нарықтың 100% үлесіне ие.

Нарықтың монополиялық құрылымын 2022 жылдың соңында 5G желісінде радиожиіліктерді бөлу бойынша өткізілген аукциондардың қорытындыларын күшейтті, оның қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» тобы 5G желісінде қызмет көрсетуде 100% монополияны қамтамасыз ете отырып, жеңімпаз деп танылды.

Байланыс қызметтеріне тарифтерді «Байланыс туралы» ҚР Заңының 20-бабына сәйкес, байланыс операторлары негізді шығындар негізінде дербес белгілейді. Осылайша, заң шығарушы тарифтерді тек негізделген шығындар негізінде қалыптастыруды қамтамасыз етті.

Операторлар тарифтердің өсіруіне туралы хабарламаларына келетін болсақ, қазіргі уақытта Агенттік өз құзыреті аясында тиісті жұмыс жүргізуде: сұрау салулар жолданды, бағалар мониторингі жүргізілуде. Бірақ, Агенттік монополияға қарсы жоғары бағаны белгілеу жөніндегі монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері болған кезде бағаны көтерудің негізділігін тергеп-тексеру аясында ғана анықтай алады.

Сонымен қатар, заңнамада көзделген монополияға қарсы органның ден қою шараларын іске асыру процестері көбінесе соттарда талқылау себебінен кешіктірілетінін атап өткім келеді. Мысалы, квазимемлекеттік «Қазақтелеком» АҚ қазіргі уақытта соттарда Агенттіктің (азаматтардың өтініштерін қарау шеңберінде) ұялы байланысты қамтитын Байланыс қызметтеріне тарифтердің өсу себептерін негіздеуге қатысты сұрауына (23.06.2023 ж.1-сатыдағы соттың шешімімен сұрау салу заңды деп танылды, күшіне енбеген) даулады. «Кселл» АҚ заңнамада көзделген баға мониторингін жүргізу шеңберінде Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментінің сұрау салуына шағымданды. Осыған байланысты мониторинг тоқтатылды.

  1. Ұялы байланыс операторлары агенттікке өз қызметтерінің бағасын көтеру туралы ескертуге міндетті ме?

Операторлар Агенттікке хабарлауға міндетті емес, заң шығарушы тек бір ай ішінде қызмет тұтынушыларын ескертуге міндеттейді.

Монополияға қарсы жоғары бағаны белгілеу жөніндегі монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері болған жағдайда ғана бағаны көтерудің негізділігін тергеп-тексеру барысында ғана анықтауға болатынын тағы да қайталаймын. Қазіргі уақытта монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

  1. Егер ұялы байланыс операторларының заңбұзушылықтары расталса, Агенттіктің әрекеті қандай болады?

Тарифтерді негізсіз көтеру фактілері болған жағдайда, заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделген.

ӘҚБтК-нің 159-бабына сәйкес, нарық субъектілерінің өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын монополиялық жоғары бағаларды белгілеу, ұстап тұру арқылы теріс пайдалануы ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір ішінде жыл монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық кірісті тәркілей отырып, монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстың (кірістің) бес пайызы мөлшерінде біреуден айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Агенттікке ұялы байланыс қызметтерін тұтынушылардан көптеген шағымдар келіп түсе ме? Көрсеткіш қандай?

Айта кету керек, ағымдағы жылы ұялы байланыс операторларының бағалары тарифтік жоспарларға байланысты 8-ден 50% - ға дейін өсті. 2021-2022 жылдар кезеңінде тарифтердің өсуі орта есеппен 13-тен 37% - ға дейін құрады.

Мәселен, 2023 жылдың сәуірінде Билайн «Жарқын» тарифтік жоспарының құнын 1790 теңгеден 2490 теңгеге дейін  (өсім 39%) өсті; «Кселл» мен «Теле2» тамыз айынан бастап әртүрлі тарифтік жоспарларға, оның ішінде «Нақты лимитке» (Кселл) бағаның 3390 теңгеден 4390 теңгеге дейін көтерілгені туралы мәлімдеді (өсім 29%), «Жай супер» (Теле2) 2590 теңгеден 3290 теңгеге дейін (өсім 27%).

Агенттікке тарифтердің өсуіне және талап етілмеген қызметтерді таңуға 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 200-ден астам шағым түсті. Байланыс қызметтерін тұтынушылардың шағымдарын біз жан-жақты қараймыз, талдаймыз. Бірақ тағы да қайталаймын, нарық субъектілері өз құқықтарын жүзеге асыра отырып, Агенттіктің сұрауларына шағымданады. Қазір бұл мәселе сотта қаралып жатыр.

  1. Агенттік шағымдарды пысықтау шеңберінде заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша шаралар қабылдады ма?

Бұған дейін Агенттік азаматтардың өтініштерін пысықтау аясында байланыс операторлары тарифтік жоспарда енгізілген қызметтер көлеміне (интернет-трафикті ұлғайту, әртүрлі бағыттарға минуттар және т.б.) абоненттер сұрамаған шағын ғана өзгерістер енгізгенін анықтаған болатын. Бұл ретте тарифтік жоспардың құны бір мезгілде көтерілді.

Анықтама. Мысалы, Агенттіктің бір ғана Алматы қаласы бойынша департаментінің атына  2022 жылдың соңында тарифтік жоспардағы қызметтер көлемінің өзгеруіне және олардың құнының бір мезгілде ұлғаюына қатысты 30-дан астам шағым түсті.

Сондықтан азаматтардың шағымдарын қарап, Агенттіктің бастамасы бойынша Министрлік байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына, негізделген шығындар негізінде Тарифтердің өзгеруін қоспағанда, ұялы байланысқа арналған тарифтік жоспарлардың шарттарын өзгертуге тыйым салуды белгілеу, сондай-ақ байланысқа Интернет желісіне қол жеткізу қызметіне тарифтерді көтеруге, абоненттің келісімінсіз тарифтік жоспарға енгізілген қызметтер көлемінің өзгерту тыйым салуды туралы тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар басқа да нормалар өзгерістер енгізді.

Бұл ретте, ұялы байланыс операторлары қазір соттарда байланыс қызметтерін көрсету ережелерінің қабылданған нормаларына қарсылық білдіруде.

  1. Ұялы байланыс бағасын мемлекеттік реттеуді не үшін енгізу жоспарлануда? Мемлекеттік реттеу тетігі бар ма?

Мен айтқанымдай, ұялы байланыс нарығы жоғары шоғырланған және мемлекеттің басым үлесі бар.

Байланыс нарығындағы қазіргі жағдайға оның монополиялық жағдайы ықпал етеді.

Нарықта жеке қаржының болмауына байланысты бәсекелестік те болмаған жағдайда, операторлар арасындағы клиент үшін жарысудың төмендеуі байқалады. Нәтижесінде бағаның өсуіне, байланыс қызметтерінің сапасына шағымдардың өседі.

Сонымен қатар, 2022 жылы Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлыққа сәйкес еншілес ұялы операторларды кезең-кезеңімен «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын монополиясыздандыру көзделген.

Бүгінгі таңда Үкімет осы бағыт бойынша белгілі бір жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, Қазақтелекомның монополиясыздандыру жөніндегі жұмысы белгісіз мерзімге созылып жатыр.

Өз кезегінде, Агенттік биыл министрлікпен бірлесіп телекоммуникация нарығындағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі Жол картасын қабылдады, оған мемлекеттің нарықтағы қатысу үлесін төмендету жөніндегі іс-шара енгізілді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы агенттік байланыс нарығында бәсекелестікті дамыту жөніндегі Жарлықтың жобасын әзірледі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес монополиялық қызмет заңмен реттеледі және шектеледі.

Осыған байланысты, монополияланған нарықта әділ тариф құруды енгізу жөніндегі жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Агенттік Үкіметке нарықты толық монополиясыздандыру сәтіне дейін қоғамдық маңызы бар нарықтар ретінде ұялы байланыс қызметтеріне бағаларды мемлекеттік реттеуді уақытша негізде енгізуді ұсынды.

Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес мемлекет қоғамдық маңызы бар нарықтардағы кәсіпкерлік субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, қызметтеріне бағалар мен тарифтерді реттейді. Бұл ретте бағаларды реттеу және баға белгілеу тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылау тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады.

Осыған байланысты, ұялы байланыс қызметі қоғамдық маңызы бар нарықтар тізбесіне енгізілген жағдайда тарифтерді байланыс саласындағы уәкілетті орган – Министрлік реттейтін болады, бұл баға белгілеудегі ашықтықты қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, операторлардың мәліметтері бойынша бағаның өсу себептерінің бірі жабдық пен инвестиция шығындарының өсуі. Өз кезегінде реттеу Министрлікке оператордың шығындар көлемінің Тарифтердің тиісті өсуін бақылауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов түсіндірді.