ТРАНСТЕЛЕКОМ БӘСЕКЕЛЕСТЕРМЕН КЕЛІСІМШАРТТАРДЫ БҰЗУҒА ШАҚЫРҒАН

ТРАНСТЕЛЕКОМ БӘСЕКЕЛЕСТЕРМЕН КЕЛІСІМШАРТТАРДЫ БҰЗУҒА ШАҚЫРҒАН

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Транстелеком» АҚ (бұдан әрі - Акционерлік қоғам) белгілі бір операторлардан ауысқан жағдайда (Қазақтелеком, Билайн және т. б.) Интернетке қол жеткізу қызметтеріне 100% жеңілдік беру туралы жарнамалық материалды тарату бойынша қызметін тексеру барысында нарық субъектісін бәсекелеспен Шартты бұзуға шақыру түрінде көрсетілген жосықсыз бәсекелестік белгілері анықталды.

«Алматы Телекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ түсірген шағымның аясында тексеріс жүргізіліп, Акционерлік қоғам жарнамалық материал таратқаны белгілі болды. Онда - Акционерлік қоғам 4 ай мерзімге Интернетке қосылу қызметтеріне 100% мөлшерінде жеңілдік ұсынған. Міндетті шарт — үшінші тарап операторларынан көшу, ауысып келу.

Акционерлік қоғамның бұл әрекеттері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 177-бабы 2-тармағының, сондай-ақ 186-бабының 9) тармақшасында көзделген нормаларын бұзу болып саналады.

Осыған байланысты, Акционерлік қоғам заңбұзушылық белгілерін жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы Хабарлама жіберілді.

Акционерлік қоғам жарнамадағы науқанды жойып, Хабарламаны орындады.