ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНДАРЫ ЦИФРЛЫҚ НАРЫҚТАРДЫ РЕТТЕУГЕ НИЕТТІ

ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНДАРЫ  ЦИФРЛЫҚ НАРЫҚТАРДЫ РЕТТЕУГЕ НИЕТТІ

Ағымдағы жылғы 9 маусымда қызметінің Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің (бұдан әрі - МСМК) 30 жылдығына орайластырылған мерейтойлық отырысы өтті.   

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің атынан Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Р.Н. Ахметов қатысты. Қатысушылар Агенттікте 2022 жылы өткен маңызды оқиғалар мен ағымдағы жоспарлармен таныс болды. 

МСМК отырысы шеңберінде тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі цифрлық нарықтарға қатысушылардың модельдік қағидаттары мен қызмет стандарттарын мақұлдады, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы елдердегі биржалық сауда туралы шолу және ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде дәрілік заттардың тауар нарықтарын дамыту туралы баяндама бекітілді.

МСМК отырысына қатысушылар цифрлық технологиялардың жылдам өсуі монополияға қарсы органдар үшін саламатты бәсекелес ортаны қамтамасыз ету және жаңадан құрылған нарықтарда монополистердің пайда болуына жол бермеу тұрғысынан жаңа сын-қатерлер тудыратынын атап өтті. ТМД елдерінің экономикалық жүйелерінің тығыз байланысын ескере отырып, IT-саладағы монополияға қарсы заңнаманы ретке келтіру және мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру үшін жалпы шешім қабылдау маңызды.

МСМК отырысына сондай-ақ Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей монополияға қарсы органдарының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің, Еуразиялық экономикалық комиссияның, Еуразиялық монополияға қарсы сарапшылар альянсының өкілдері қатысты.

Агенттіктің МСМК шеңберінде монополияға қарсы ведомстволармен өзара іс-қимылы жаңа реформаларды табысты іске асыруға және бірлескен жұмысты үйлестіруге жәрдемдеседі. 

Анықтама: Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңес (МСМК) 1993 жылы құрылды. Оған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің монополияға қарсы органдарының уәкілетті өкілдері кіреді.

Кеңестің міндеті - келісілген монополияға қарсы саясатты жүргізу және бәсекелестікті дамыту бойынша ынтымақтастықтың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін құру, сондай-ақ ТМД елдерінің саудасы мен экономикалық дамуына теріс әсер ететін факторларды жою.