БҚДА МЕН «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН ІС-ШАРАЛАР ЖӨНІН ТАЛҚЫЛАДЫ

БҚДА МЕН «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН ІС-ШАРАЛАР ЖӨНІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде БҚДА Төрағасы Марат Омаров пен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басшысы Нұрлан Жақыповтың кездесуі өтті. Сондай-ақ, қордың бірқатар компанияларының басшылары қатысты.

Атап айтқанда, Қордың сатып алу тәртібі, сабақтас нарықтар, шоғырлану деңгейі және Қордың компанияларындағы мемлекеттің қатысу үлесін қысқарту мәселелері қозғалды.

Бұған дейін БҚДА төрағасы Марат Омаров ЖЖМ, авиа, жолаушылар тасымалы және ұялы байланыс нарығында мемлекеттік қатысудың жоғары деңгейі туралы атап өткен болатын. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» портфельдік компанияларына Қазақстан темір жолы, Air Astana, Қазақтелеком сияқты ірі кәсіпорындар және Қазақстан экономикасының базалық секторларына ықпалы бар басқа да ірі құрылымдар кіреді.

Нәтижесінде даулы мәселелерді бірлесіп пысықтау, сондай-ақ бәсекелестікті дамыту жөніндегі шараларды одан әрі дамыту туралы шешім қабылданды.