БҚДА: ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА КОМПАНИЯҒА 4,9 МЛН ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

БҚДА: ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА КОМПАНИЯҒА 4,9 МЛН ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

             Бұған дейін хабарлағанымыздай, Павлодар облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті «УПНК-ПВ» ЖШС-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына қарауына жіберді.

             Аталған соттың қаулысымен ЖШС құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 900 800 тенге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

             Сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін айыппұл толық көлемде өтелді.

             БҚДА департаменті субъектілерге ақпаратты бермеу не белгіленген мерзімдерде монополияға қарсы органға толық көлемде ақпарат бермеу, дәйексіз және (немесе) жалған ақпарат беру "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.