ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ БҚДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ БҚДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

           Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы департамент басшысы Маржан Кальменова айтып берді.

           Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Маржан Кальменова департаменттің құрылған сәттен бастап (2022 ж.23 тамыз) тауар нарықтарына 22 талдау, оның ішінде жоспарлы – 10, жоспардан тыс – 12 талдау жүргізілгенін хабарлады.  Қазіргі уақытта 4 тауар нарығы бойынша - сүт, айран, май, сүзбе өндіру және сату нарығына талдаулар жүргізілуде.

           «Департаментпен нарық субъектісінің іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы 6 хабарлама шығарылды, олар: «Ескелді ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Куликова» ЖК (хабарлама орындалды), «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ (хабарлама орындалды), «Текелі ГМЗ» ЖШС, «Үштөбе Айдын» ЖШС және «Ақ-бұлақ продукт» ЖШС. Атап айтқанда, «Алматы облысының Парапланерлік спорт федерациясы» ҚБ төрағасының парапланерлік спортты дамыту үшін жер учаскесін бөлуге қатысты өтініші қаралды. Өтінішті қарау барысында «Ескелді ауданы әкімінің аппараты» ММ бір өтініш берушіге инвестициялық жобалар бойынша парапланерлік спортты дамыту үшін жер учаскесін бергені, ал басқа өтініш берушінің өтініші қанағаттандырылмағандығы анықталды», - деп атап өтті Маржан Кальменова

           Алайда, берілген жер учаскесі мемлекеттік меншікте болғандықтан және жоба инвестициялық басым жобаға жатпағандықтан Әкімдік парапланерлік спортты дамыту үшін жер учаскесін беруге құқығы жоқ еді. Департамент Әкімдікке қатысты әкімшілік іс қозғады, сондай-ақ бұзушылықты жою туралы Нұсқама шығарды. Нұсқама Әкімдікпен орындалды.

           Сондай-ақ, құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығында департаментпен табиғи газға қосылған кезде талдау жүргізілгенде, «APL Construction»  ЖШС (бұдан әрі-Серіктестік) іс-әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері анықталды. Серіктестіктің Алматы қаласында орналасуына байланысты заң талаптарына сәйкес шаралар қабылдау үшін материалдар Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) жіберілді. Өз кезегінде, Департамент прокуратура органдарымен бірлескен тексерістен кейін Серіктестіктің әрекеттеріне қатысты үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. Тұтынушыларды газ құбырына қосу кезінде және құрылыс-монтаждау жұмыстарына қызмет көрсету кезіндегі, жоғарыда көрсетілген газ құбырының құрылысына салынған қаражатты өтеудің артық құнын алғаны үшін Серіктестік 77 343 750 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұлға тартылды.

            Департаментпен Алматы облысы прокуратурасының «ҚазТрансГаз Аймақ»АҚ Жетісу өндірістік филиалына қатысты заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы Ұсынысы қаралды. Осы Ұсынысты қарау нәтижелері бойынша Филиал тауарлық газды бөлшек саудада өткізу қызметтері нарығында өзінің үстем жағдайын теріс пайдалана отырып, тұтынушылардың заңды құқықтарына нұқсан келтіргені анықталды. Филиалға қатысты субъектінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы Хабарлама шығарылды. Хабарлама орындалды.

           2022 жылдың шілде - қараша айларында Жетісу облысының географиялық шекараларында сүтті өткізу нарығына жүргізілген талдау барысында «Текелі ГМЗ» ЖШС, «Үштөбе Айдын» ЖШС және «Ақ-бұлақ продукт» ЖШС сүт өнімдерін өндірушілердің іс-әрекеттерінде ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері байқалды. Осыған байланысты Департамент жоғарыда аталған нарық субъектілеріне тиісті Хабарламалар жолдады. Алайда субъектілер Хабарламаларда көрсетілген монополияға қарсы органның талаптарын орындамады.

           Осыған байланысты, Департамент ҚР Кәсіпкерлік кодексін бұзу белгілері бойынша «Ақ-бұлақ продукт» ЖШС сүт өндірушісіне қатысты жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5% сүтті көтерме сатуды жүзеге асыратын нарық субъектілерімен бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдар бөлігінде тергеп-тексеру жүргізді.

         «Қазақстан Республикасының Серіктестік тарапынан бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактісі, атап айтқанда нарық субъектілерінің бағаларды не тауарларды сатып алудың немесе өткізудің басқа да шарттарын белгілеу және (немесе) қолдау бөлігінде келісілген іс-әрекеттері анықталды. Қазіргі уақытта Департамент тергеп-тексерулер нәтижелері бойынша қорытынды жобасын Серіктестікке жолдады», - деп толықтырды М.Кальменова.

          Сонымен қатар, «Текелі ГМЗ» ЖШС, «Үштөбе Айдын» ЖШС субъектілері шағын кәсіпорындар болып табылатынын хабарлаймыз.

         Жетісу облысының елді мекендерінің географиялық шекараларында қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау, әкету, сұрыптау және көму жөніндегі қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері бойынша Департамент «Талдықорған Көркейту»ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарды. Серіктестік нұсқаманы мерзімінде орындамағандықтан, Департамент 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды.

            Сондай-ақ, Департамент «Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің аудит жүргізу нәтижелері туралы хатын қарау нәтижелері бойынша «Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және «Көксу таза су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласында, атап айтканда монополияға қарсы органмен келісілмеген қызмет түрін жүзеге асыру бөлігінде заңнаманы бұзу белгілері байқалды. Осыған байланысты Департамент бұзушылықтарды жою туралы Нұсқама шығарды. Нұсқама орындалды.

           Департаментпен Кедергілер жөніндегі кеңес отырыстар белсенді өткізіледі, есепті кезеңде мүдделі тараптардың қатысуымен 6 кездесу өткізілді. Маржан Кальменованың айтуынша, Кедергілер жөніндегі кеңес отырысы аясында асыл тұқымды құс шаруашылығында ҚҚС есептеу кезінде; тендерлерге қатысу кезінде; құрылыс саласында; бизнес шығындарын азайтуға және әкімшілік кедергілерді жоюға; тұрмыстық баллондарда сұйытылған газды өткізу бойынша проблемалық мәселелер мен кедергілер талқыланды. Материалдар Агенттіктің атына Кедергілерді қарау және картаға енгізу үшін жіберілді.

          Бұдан басқа, Департаментпен акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғаларды құруға келісім беру туралы 17 өтініш қаралды.

           Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес Департаментпен белгіленген тауар нарықтарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің болмауы не болуы туралы қорытынды беру туралы 9 өтінішхат қаралды және осыған ұқсас 2 өтінішхат қарастырылуда.

          Департаментпен монополияға қарсы комплаенстің 7 сыртқы актісі қаралып, олардың Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларына сәйкестігі анықталды (ӘМБАТТ бойынша-2 «ИП «Дүйсенбаев», «Көксу қант сахар» ЖШС, көмір бойынша-5 («Әбдірайымов» ЖК, «Шарур Логистик» ЖК, «Братья Молдакуловы» ЖШС, Жантөре Ырыс ЖК, «Home GAS» ЖШС).

        Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға қатысты 42 өтініші қаралды.