АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ БҚДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ БҚДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

            Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті қызметінің қорытындылары мен жоспарлары туралы Департамент басшысы Динара Мұқаева айтып берді.

            БҚДА Абай облысы бойынша департаменті құрылған сәттен бастап (2022 ж. 1 қыркүйек) сұйытылған мұнай газы, авиаотын, тауық жұмыртқасы, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және тағайындау, сондай-ақ өндірістік ритейл қызметтері нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жеті талдау жүргізілді.

            Өткен жылы облыс шекарасындағы ҚТҚ нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша Абай облысының жекелеген әкімдіктерінің іс-әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы іс-қимылдардың белгілері байқалды.

            Осыған байланысты жоғарыда аталған әкімдіктердің атына әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламалар жіберілді.

            Бүгінгі күні аталған хабарламалар орындалу сатысында, орындамаған жағдайда Департамент заңнамада көзделген тәртіппен тергеу рәсімін тағайындайтын болады.

            Сондай-ақ, бүгінгі күні Департамент күріш, сүт майлылығы 2,5%, айран майлылығы 2,5% және 1-сұрыпты ұннан жасалған нанды көтерме саудада өткізетін тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізуде.

            Департаментпен акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құруға 4 өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша келісім берілді:

  1. Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК
  2. «Абай облысының ветеринария басқармасы» ММ «Ақсуат-Вет» ШЖҚ КМК
  3. «Дарын» облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК
  4. «Абай облысының шаруашылық басқармасы» ЖШС

            Ағымдағы жылда, Департамент сондай-ақ жарғылық капиталына мемлекет қатысатын денсаулық сақтау, көлік, мәдениет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы 60 мемлекеттік кәсіпорынның қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімін алу, алынған қызмет түрлерін ғана жүзеге асыру тұрғысынан мониторинг жүргізетін болады.

            Мониторингке жататын кәсіпорындардың жарғыларында келісілмеген қызмет түрлері анықталған жағдайда монополияға қарсы орган бұзушылықтар мен олардың салдарын жою туралы нұсқама шығаратын болады.

            Бәсекелестікті дамыту нарыққа кіру үшін бар кедергілерді анықтау және жою болып табылатынын ескере отырып, Департамент жанында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» мемлекеттік тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Open Space» диалог алаңы жұмыс істейді, онда облыс кәсіпкерлері, мүдделі мемлекеттік ұйымдармен бірлесіп бизнестің дамуына кедергі келтіретін проблемалық мәселелер талқыланады.

            Облыста азаматтық қоғам өкілдері, кәсіпкерлер, сондай-ақ Департамент өкілі енген Кедергілерді анықтау және жою кеңесі де жұмысын бастап жатыр.

            «Абай облысында нарық субъектілері осы кеңесте қаралатын және одан әрі жергілікті немесе республикалық деңгейде қаралатын тауар нарықтарындағы кедергілер бойынша бар мәселелерді қарау үшін ұсыныс жібере алады», - деп Динара Мұқаева атап өтті.

            Баяндама соңында Динара Мұқаева монополияға қарсы органның тергеп-тексеруді бастауға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын көрсететін материалдар немесе мемлекеттік органдардан келіп түскен оның белгілері, мемлекеттік органдардан түскен өтініштер, жеке және (немесе) заңды тұлғаның, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауы, БҚДА-дан алынған хабарламаларды орындамау негіз болып табылатынын атап өтті.

            «БҚДА өз қызметінде ашықтық пен түсіністік қағидатын ұстанады, біздің Департаменттің жүргізіліп жатқан жұмысы туралы барлық ақпарат БҚДА-ның ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Біз өңірімізде бәсекелестікті дамыту мен қорғау мәселелерін талқылау және бірлесіп шешу үшін ашықпыз», - деп қорытындылады БҚДА–ның Абай облысы бойынша аумақтық Департаментінің басшысы Динара Мұқаева.

            Абай облысы бойынша БҚДА Департаментінің өкілдерімен байланысу үшін сілтеме бойынша сайтта көрсетілген:  https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/about/structure/departments/leadership/24690/1?lang=ru