БҚДА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ҚҰРАЛДАРЫН САТУ НАРЫҒЫНА ЖАҢА ОЙЫНШЫЛАРДЫҢ ШЫҒУЫНА ЖОЛ АШТЫ

БҚДА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ҚҰРАЛДАРЫН САТУ НАРЫҒЫНА ЖАҢА ОЙЫНШЫЛАРДЫҢ ШЫҒУЫНА ЖОЛ АШТЫ

            Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Вавиот Азия» ЖШС-нің «Астана-Аймақтық Электржелілік компаниясы» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) электр тұтынушылардың объектілерінде электр есептегіштерінің жұмыс істеуіне жол бермеу іс-әрекетіне қатысты өтінішін қарады.

            Яғни, Электр энергиясын пайдалану қағидаларына* сәйкес электр энергиясының есебін жүргізу үшін түрлері Өлшем бірліктерін қамтамасыз ететін мемлекеттік тізілімге енгізілген және энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымда коммерциялық есепке алу құралдарының автоматтандырылған паркі болған жағдайда, алыстағы байланысқа бұрын орнатылып, икемделген құрал-жабдықтың электр энергиясын бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс өлшемдеріне толық сәйкес келетін жұмыс өлшемдерін ұстайтын электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралының түрі пайдаланылады.

            Өтінішті қарау нәтижесі бойынша Департамент Қоғамның іс-әрекетінде монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерін байқап, нарықта электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарын орнату мен пломбалауға жол бермеу және қол жеткізуді шектеу бойынша іс-шараларды тоқтату туралы Хабарлама шығарды.

            2023 жылғы 20 наурызда «Астана-Аймақтық Электржелілік компаниясы» АҚ электр есептегіш құралдарын сату бойынша бәсекелес нарыққа жіберуді қамтамасыз ете отырып, Департаменттің Хабарламасын орындады.

*Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы No 143 бұйрығы.