АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ, ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ТАУАР БИРЖАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ, ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ТАУАР БИРЖАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

            ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (Агенттік) Ақмола облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы шешімімен жарғылық капитал мөлшерінің ҚР Тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмегені үшін «Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің, жер қойнауын пайдаланушылардың және мемлекеттік мекемелердің тауар биржасы" АҚ (бұдан әрі – Тауар биржасы) таратылғанын хабарлайды (БСН 111140012359).

            Шешім 2023 жылдың 16 ақпанында заңды күшіне енді. 2023 жылғы 6 наурызда тиісті мәліметтер бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізіліміне енгізілді.

            «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес лицензия, оның ішінде заңды тұлға таратылған жағдайда, қолданысын тоқтатады.

            Осыған байланысты, Агенттік «Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің, жер қойнауын пайдаланушылар мен мемлекеттік мекемелердің тауар биржасы» АҚ 2012 жылғы 13 қаңтардағы №1000359 тауар биржаларының қызметімен айналысу құқығына берілген лицензияның қолданысын тоқтатқанын хабарлайды.