БҚДА ДЕПАРТАМЕНТІ СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫН БӨЛШЕК САУДАДА ӨТКІЗУШІЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУДІ АЯҚТАДЫ

БҚДА ДЕПАРТАМЕНТІ СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫН БӨЛШЕК САУДАДА ӨТКІЗУШІЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУДІ АЯҚТАДЫ

         Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізушілерге қатысты тергеп-тексеру жүргізді.

          Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Департамент «Алау» ЖШС мен «KuBA Corp» ЖШС іс-әрекеттерінде бағаны ұстап тұру және АГҚС арқылы автокөлікке құю үшін сұйытылған мұнай газын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстардың қорытындыларын бұрмалау бөлігінде бәсекелестікке қарсы көлденең келісімдер (картель) фактілерінің бар екендігін анықтады.

          Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен «Алау» ЖШС 196 783,11 теңге сомасында айыппұл түрінде, 325 878 теңге мөлшерінде монополиялық кіріс тәркіленіп, және «KuBA Corp» ЖШС 54 568 теңге сомасында айыппұл түрінде, 127 898 теңге монополиялық кіріс мөлшері тәркіленіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

          Сондай-ақ, 2023 жылғы 24 қаңтарда жоғарыда аталған субъектілердің атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуды тоқтату туралы ұйғарым шығарылды.

          Нұсқама оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде орындалуға тиіс.

          Сонымен қатар, Департамент барлық бизнес субъектілеріне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын сақтау қажеттігін еске салады.