БҚДА-НЫҢ АРАЛАСУЫНАН КЕЙІН МЕМЛЕКЕТТІК-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚАЙТА ЕСЕПТЕУ ЖҮРГІЗДІ

БҚДА-НЫҢ АРАЛАСУЫНАН КЕЙІН МЕМЛЕКЕТТІК-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚАЙТА ЕСЕПТЕУ ЖҮРГІЗДІ

          Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) Түркістан қаласының 9 және 11 көшелерінде орналасқан көппәтерлі үйлердің тұрғындарының жылу энергиясын төлеу үшін шот-фактураға қатысты өтініштерін қарады.

          Оның барысында, Департамент өкілдері «Жылу» МКК тұтынушылардан есептегіш құралдары арқылы емес, текше метр арқылы есептеу жүргізгенін анықтады.

          Қазақстан Республика Азаматтық кодексінің 488-бабына сәйкес, энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда, энергияға ақы төлеу есепке алу аспаптарының көрсеткіштерiне сәйкес анықталады, абонент iс жүзiнде алған энергия мөлшерi үшiн, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде есептеу арқылы жүргізіледі.

         Өтінішті қарау қорытындысында «Жылу» МКК жоғарыда аталған үйлердің тұрғындарына жалпы сомасы 29 491 548,59 (Жиырма тоғыз миллион төрт жүз тоқсан бір мың бес жүз қырық сегіз теңге елу тоғыз тиын) теңгеге қайта есептеу жүргізді.