СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫНА БӨЛШЕК САУДА БАҒАЛАРЫН РЕТТЕУ БОЙЫНША БҰЙРЫҚ ЖАРИЯЛАНДЫ

СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫНА БӨЛШЕК САУДА БАҒАЛАРЫН РЕТТЕУ БОЙЫНША БҰЙРЫҚ ЖАРИЯЛАНДЫ

              «Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 27 желтоқсандағы 2022 жылғы № 20 бұйрығы ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында күшіне енді.

              Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен 2023 жылғы 30 маусымға дейін Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке май құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік бағалық реттеуді ұзарту көзделеді.

              Бұйрықпен https://zan.gov.kz/client/#!/doc/176307/kaz интернет-ресурста танысуға болады.