БҚДА: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕКІ ҚҰС ФАБРИКАСЫНА ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

БҚДА: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕКІ ҚҰС ФАБРИКАСЫНА ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

              Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (әрі қарай -Департамент) 2022 жылғы қаңтар-қазан айларында Алматы облысы бойынша 1 санатты тауық жұмыртқасын бастапқы сату нарығын талдау қорытындысы бойынша "Алсад Қазақстан" ЖШС және "Сары-Бұлақ" ЖШС компаниясы іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы, атап айтқанда бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдар бөлігіндегі бағаларды белгілеуде және (немесе) қолдауда бұзу белгілері анықталды.

          Осыған байланысты Департамент серіктестіктердің атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бар екендігі туралы хабарлама жіберді.

          Серіктестіктер хабарламаны орындамады, осыған байланысты жоғарыда аталған компанияларға қатысты Департамент монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар тұрғысынан тергеу бастады.