ТАУАР БИРЖАЛАРЫ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

ТАУАР БИРЖАЛАРЫ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

             Тауар биржаларының қызметін тексеру қорытындысы бойынша келіп түскен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ұсынуын орындау аясында Агенттік лицензиялау нормаларын бұзу және біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактілері бойынша «Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің, жер қойнауын пайдаланушылардың және мемлекеттік мекемелердің» Тауар биржасы» АҚ, «Еуразиялық тауар биржасы» АҚ, «Жібек жолы» Тауар биржасы» АҚ, «Alan» Тауар биржасы» АҚ (әрі қарай – Тауар биржалары) қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғады.

             Істерді қарау қорытындысы бойынша Тауар биржалары жалпы сомасы 551 340 теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданып, жауапкершілікке тартылды.

           Бүгінгі таңда тауар биржаларымен айыппұл сомасы толық көлемде өтеді.