БҚДА КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҚАҒИДАТТАРЫН ЕНГІЗДІ

БҚДА КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҚАҒИДАТТАРЫН ЕНГІЗДІ

          Барлық дамыған елдердегі монополияға қарсы ведомстволар компаниялар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін корпоративтік басқару қағидаты бойынша ұзақ және табысты жұмыс істеп келеді. Корпоративтік басқаруды дамыту қажеттілігі қазақстандық мемлекеттік органдарға да жеткендей.

          Ағымдағы жылдың қараша айынан бастап Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде корпоративтік басқару элементтері енгізілді. Енді Агенттіктің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ неғұрлым түйінді және елеулі мәселелер бойынша шешімдер қабылдау, оның ішінде, бірігу және қосу, монополияға қарсы тергеулер анықтау және т.б. бойынша мәмілелер ұжымдық түрде талқыланып, айқындалатын болады.

"Біз сапалы басқаруға ұмтыламыз, әрбір қызметкеріміздің шешімінің артында тұтас салалар, кәсіпорындар және ең бастысы, адамдар тұр. Бұл үлкен жауапкершілік. Барлық жоспарланып отырған және енгізіліп жатқан өзгертулер БҚДА қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға ықпал етеді. Сондай - ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті монополияға қарсы агенттіктің басшысы Марат Омаров.

            Бұдан басқа, ведомствода корпоративтік процестерді одан әрі енгізу үшін БҚДА мен "Qazaq Independent Directors" қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Тараптар корпоративтік басқару саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған әріптестік қатынастарды орнату және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаласты.

           Болашақта БҚДА құрамына тәуелсіз сарапшылар мен судьялар енетін Бақылау кеңесін құру жоспарлануда. Оның негізгі функциясы Агенттік қызметі шеңберінде Басқармаға ұсыныстар беру болады.