БҚДА мен Жоғарғы соттың жұмыс кездесуі өтті

БҚДА мен Жоғарғы соттың жұмыс кездесуі өтті

       Өткен аптада онлайн режимде БҚДА төрағасы М. Т. Омаровтың төрағалығымен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасымен жұмыс кездесуі өтті.

       Кездесуде Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы төрағасы А.С. Тукиев, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің  әкімшілік рәсімдерді ішкі және сыртқы деп бөлу, әкімшілік актілерді қолайлы және ауыртпалықтарға саралау, билік органдарының сыртқы салдары бар әкімшілік актіні қарау және қабылдау тәртібі, әкімшілік акт қабылданғанға дейін тыңдау және дауды сотқа дейінгі міндетті реттеу құқығы, белгіленген арнайы қағидаттар (әкімшілік қалаудағы пропорционалдылық, сенім құқығын қорғау, ресми талаптарды асыра пайдалануға тыйым салу) дәлелдеу ауыртпалығы, соттың белсенді рөлінің қағидаты жайында сөз қозғады.

       БҚДА төрағасы М. Т. Омаров, Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасымен осы форматтағы кездесудің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын сотта қолдану практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге, монополияға қарсы істерді қарау практикасын жинақтап-қорыту және мамандандыруға өз септігін тигізетіндігіне тоқталды.

      Отырыс нәтижелері бойынша қатысушы тараптар, бәсекелестікті қорғау саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған конструктивтік диалогты жалғастыру туралы уағдаласты.