НАРЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

НАРЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

       Монополияға қарсы орган сұйытылған мұнай газын шекті бағадан асыра отырып өткізген нарық субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмысты бастады.

        Естеріңізге сала кетейік, Агенттік төрағасының бұйрығымен облыс аумағында сұйытылған мұнай газ литріне 50-55 теңге көлемінде мемлекеттік бағаны реттеу енгізілді.

          Алайда нарық субъектілері (КББ корпорациясы, Ер-Нұр 2021 ЖШС, integra-N ЖШС) сұйытылған мұнай газын мемлекеттік сатып алу шеңберінде шекті бағадан асырып өткізгені анықталды.

         Жоғарыда аталған нарық субъектілеріне Нұсқама түріндегі монополияға қарсы ден қою актілері енгізілді. Нарық субъектілері тарапынан нұсқама елеусіз қалдырылды.

         Осыған орай, соттарға монополияға қарсы органның ден қою актілерін мәжбүрлеп орындату туралы талап-арыздар берілді. Сот шешімдерімен монополияға қарсы органның талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

         Қазіргі уақытта Ер-Нұр ЖШС (айыппұл - 306 мың 300 теңге) мен КББ корпорациясы (айыппұл - 306 мың 300 теңге) әкімшілік жауапкершілікке тартылды,  Integra-N ЖШС бойынша сот процесі өткізілуде.

         Монополияға қарсы орган кәсіпкерлерді қолданыстағы заңнаманы бұзбауға және қатаң сақтауға шақырады.