«Аспан Energy» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«Аспан Energy»  ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды

       Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен жүргізілген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша «Аспан Energy» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1-тармағына сәйкес, «Аспан Energy» ЖШС бір фазалы көпфункционалды DDZ1513 «Аспан-Қазақстан» белсенді электр энергиясын есепке алу аспабын өндіру және өткізу кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілегені анықталды.

       2022 жылғы 21 қыркүйектегі Тараз қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылық сотының қаулысы негізінде «Аспан Energy» ЖШС-нің 11 897 735 (он бір миллион сегіз жүз тоқсан жеті мың жеті жүз отыз бес) теңге көлемінде монополиялық табысы тәркіленіп және 4 849 392 (төрт миллион сегіз жүз қырық тоғыз мың үш жүз тоқсан екі) теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

       Сондай-ақ, «Аспан Energy» ЖШС-не Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексі нормаларын бұзушылықтарды тоқтату туралы нұсқама енгізілді.