БҚДА "Яндекс Такси.Корп" ЖШС қатысты тергеу бастады

БҚДА "Яндекс Такси.Корп" ЖШС қатысты тергеу бастады

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті "Яндекс Такси.Корп" ЖШС қатысты бәсекелестікті қорғау аясында тергеуде жүргізуде. Нақты айтсақ, Кәсіпкерлік кодексінің (әрі қарай – Кодекс) 174-бабы, 1) тармақшасында тыйым салынған, яғни монополиялық жоғары бағаны белгілеуі бойынша тексеріс жүріп жатыр.

Кодекстің 175-бабының 1-тармағына сәйкес, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, егер бұл баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажетті шығыстар мен пайда сомасынан және тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағадан асып кетсе, тауардың монополиялық жоғары бағасы болып есептеледі.

Жоғарыда көрсетілген тергеулердің нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бастап Департаменттің атына серіктестікке қатысты такси қызметтеріне жоғары баға қою мәселелері бойынша 6 өтініш келіп түсті.