«НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ» АҚ АВИАОТЫНДЫ САТУ КЕЗІНДЕ ӘРТҮРЛІ БАҒАЛАРДЫ ҚОЛДАНҒАН

«НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ» АҚ  АВИАОТЫНДЫ САТУ КЕЗІНДЕ ӘРТҮРЛІ БАҒАЛАРДЫ ҚОЛДАНҒАН

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті азаматтардың өтініші негізінде 2020-2021 жылдар кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының шекарасында авиациялық отынды бөлшек саудада өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді.

Авиациялық отынды бөлшек саудада өткізу нарығындағы талдау қорытындысы бойынша «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ның іс-әрекеттерінде нарық субъектілерімен мәні бірдей келісімдерге әртүрлі бағаларды қолдану бөлігінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтады.

Осылайша, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ авиациялық отынды сату нарығында доминант бола отырып, монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол берген.

Бәсекелестік заңнамасын бұзудың анықталған белгілерінің негізінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша монополияға қарсы департамент 2022 жылдың 16 маусымында "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-ға қатысты авиаотынды бөлшек саудада өткізу кезінде нарық субъектілерімен мәні бірдей келісімдерге әртүрлі бағаларды қолдану жөніндегі іс-қимылды тоқтату талабымен хабарлама шығарды.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ хабарламаны назарға алып, Департаменттің заңды талаптарын орындады.

Нарық субъектісінің баға жағдайының ауытқуына қатысты іс-әрекеттері түпкілікті тұтынушы үшін бағаның өсуіне, оның ішінде әуе тасымалдарының бағасына әсер етеді.