
Өткен аптада Арман Евниевтің төрағалығымен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы Кедергілер жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтініштерді қарау бойынша мемлекеттік қызметті оңтайландыру мәселелері қаралды. Негізгі спикер ретінде "Zan Hub" заң фирмасының серіктесі Ақылбек Құсайынов сөз сөйледі.
Ақылбек Құсайынов осы мемлекеттік қызметті оңтайландыру мүмкіндіктерін пысықтау үшін өткен жылдың қараша айында құрылған жұмыс тобы қызметінің нәтижелері туралы хабардар етті. Жұмыс тобының жетекшісі ҚР БҚДА төрағасының орынбасары Болат Самбетов, жетекшісі – Ақылбек Құсайынов.
Жұмыс тобының мемлекеттік органдар, заң компаниялары және нарық субъектілері (МҚІА, ЦДИАӨМ, ҰАТ, ERG, Zan Hub, Қазақмыс және т.б.) өкілдерімен бірлескен отырыстарының нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға түзетулер пакеті қалыптастырылды, - деді Ақылбек Құсайынов. Түзетулер монополияға қарсы органның алдын ала келісуін талап ететін мәмілелер санын қысқартуды, шекті мәндерді өзгертуді, олардан асып кеткен кезде мәмілелерді келісу немесе хабарлама жіберу, құжаттама мен мәліметтерді оңтайландыру, өтінішхатты (хабарламаны) қарау және тиісті шешімдер қабылдау мерзімдерін және басқаларды қамтиды. Бұдан басқа, жұмыс тобы шеңберінде кейбір міндеттерді алып тастау бойынша ұсыныстар, атап айтқанда, кейбір құжаттарды нотариалды куәландыру, тұлғалар тобы бойынша барлық ақпаратты, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру және өткізу бойынша болжамды деректерді ұсыну және т.б. талқыланды.
Отырыста өткізілген дауыс беру нәтижелері бойынша Кеңестің барлық мүшелері атқарылған үлкен жұмысты бірауыздан қолдады және экономикалық шоғырлануға арналған мәмілелерді қарау кезінде реттеушілік кедергілерді азайту мәселесін республикалық кедергілер картасына енгізуді ұсынды.
Енді түрлі алаңдарда әзірленген ұсынымдарды талқылау және кейіннен ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды тиісті нормативтік құқықтық актілерге енгізу бойынша жұмыс атқарылуы тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтініштерді қарау бойынша Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша жұмыс әкімшілік кедергілерді және акцияларды (қатысу үлестерін), активтерді немесе құқықтарды сатып алуға, сондай-ақ жеке тұлғаларды экономикалық шоғырлану деп танылатын басқару органдарына тағайындауға байланысты келісудің ауыртпалықты рәсімдерін азайту мақсатында жүргізіледі. Кедергілер жөніндегі кеңес отырысында белгіленген шектеулер бизнес үшін қолайлы жағдайларды және инвесторларды тарту мүмкіндіктерін айтарлықтай төмендетеді.