ДОМОФОН КОМПАНИЯЛАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕЙТІН ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗАТЫН ТАЛАПТАРМЕН ШАРТТАР ЖАСАСҚАН

ДОМОФОН КОМПАНИЯЛАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕЙТІН ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗАТЫН ТАЛАПТАРМЕН ШАРТТАР ЖАСАСҚАН

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті домофон қызметтерінің тауар нарығына талдау жүргізіп, Шымкент қаласы тұрғындарының түскен өтініштер қарады.

Нәтижесінде «Центр Сервсиного обслуживания домофонов» ЖШС, «Строй мастер домофоны Шымкент»  ЖШС және «СМД Шымкент» ЖШС тарапынан Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі нормаларының бұзушылықтары анықталды.

Атап айтқанда, домофон жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтерін көрсету туралы шарттарда 3 айдан астам уақыт бойы төлемегені үшін орындаушы абонентті домофон жүйесінен ажыратуға құқылы екендігі туралы тармақтар көрсетілген. Бірақ шартта абонентті домофон қызметтерінен ажырату заңсыз екендігі де көрсетілген. Ал бұл  тармақтар тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасайтын әрекеттер деп танылған.

Бұдан басқа, шарт 11 жыл мерзімге жасалған, ал Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына» сәйкес келісім-шарт мерзімі 1 жылдан аспауы тиіс. Бұл талаптар бәсекелестікті шектеп, басқа субъектілердің нарыққа кіруін шектейді.

Үстем жағдайын теріс пайдаланғанына байланысты 2022 жылдің 4 шілдесінде Шымкент қаласы бойынша монополияға қарсы департамент жоғарыда аталған ұш субъектілердің атына Хабарлама шығарды.

Хабарламада қойылған талаптар орындалып, қайшы келетін тармақтар Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес тиісті редакцияларда келтірілді.