ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ӨНІМДЕРДІ КӨТЕРМЕ ЖЕТКІЗУШІЛЕРМЕН КОМПЛАЕНС ЖАСАЛДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ӨНІМДЕРДІ КӨТЕРМЕ ЖЕТКІЗУШІЛЕРМЕН КОМПЛАЕНС ЖАСАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру мақсатында тауық етінің көтерме жеткізушісі «Карагандинская хлебная компания» ЖШС және қарақұмық жармасының көтерме жеткізушісі «Dom company» ЖШС супермаркеттеріне монополияға қарсы комплаенс актілерін келісті.

Комплаенс шеңберінде сауда желілері заңнамада рұқсат етілген 15%-дан 10% - ға дейін бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің (тауық еті және қарақұмық жармасы) сауда үстеме бағасын төмендету, ӘМАТ жеткізушілеріне тауарды жеткізу сәтінен бастап 30 күннен кешіктірмей бергені үшін төлем жүргізу туралы ерікті міндеттемелер алды.


Ағымдағы жылдың басынан бастап Департаментпен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен 6 комплаенс жасалды.