ПМХЗ ЖШС-ҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ

ПМХЗ ЖШС-ҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ

Павлодар облысының прокуратурасы жүргізген "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС қызметін тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғалары "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС әрекеттерінде жұмыстарды орындауға монополиялық жоғары баға белгілеу жолымен үстем жағдайды теріс пайдалану бөлігінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың болуы туралы қорытынды берді шикі мұнайды өңдеу бойынша тоннасына 23 240 теңге.

Павлодар облысы Прокуратурасының заңдылықты бұзушылықты жою және шаралар қабылдау туралы ұсынысына сәйкес департамент ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы 3-бөлігі бойынша "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС қатысты әкімшілік іс қозғады. 

Әкімшілік істің материалдары мәні бойынша қарау үшін Павлодар қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының атына жіберілді.