БҚДА БӘСЕКЕЛЕСТІК САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУШІЛІК АКТІЛЕРДІ ҚАЙТА ҚАРАЙДЫ

БҚДА БӘСЕКЕЛЕСТІК САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУШІЛІК АКТІЛЕРДІ ҚАЙТА ҚАРАЙДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «таза парақтан» реттеуді енгізу бойынша жұмыс шеңберінде бәсекелестікті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жаңа реттеушілік саясаттың базалық шарттарына сәйкестігі тұрғысынан зерделеп жатыр.  

Бизнеске реттеушілік жүктемені азайту мақсатында БҚДА монополияға қарсы органның алдын ала келісуін талап ететін мәмілелер санын қысқартуды және бірқатар активтермен (жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар/үй-жайлар бөліктері, өнеркәсіптік мақсаттағы емес құрылысы аяқталмаған объектілер) мәмілелерді реттеуден толық шығаруды жоспарлап отыр.

Қалған мәмілелер бойынша оларды асырған кезде монополияға қарсы органның келісімі талап етілетін шекті мәндерді айтарлықтай арттыру ұсынылады. 

Бұдан басқа, қажетті құжаттар тізбесін 2 еседей қысқарту және мәмілелерді келісудің рәсімдік мерзімін оңтайландыру жоспарланады. 

Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері монополияға қарсы органға ұсынатын есептілікті қысқарту жоспарланды. Атап айтқанда, бұл өткізілген сауда-саттық пен сатып алу туралы ақпаратқа қатысты.

Сонымен қатар, БҚДА қызметкерлері реттеуші мемлекетті органдар жүргізетін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын салалық талаптарды тексеруге белсенді түрде қатысады. 

Негізінде бұл құрылыс, өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, денсаулық сақтау, электрмен-, газбен-, сумен жабдықтау салалары және басқа салалар.

Жалпы, әкімшілік кедергілер және шамадан жыс мемлекеттік реттеу экономиканың түрлі секторларында бәсекелестіктің дамуын тежейтін жүйелі пробелмелар болып табылады.

Сондықтан Агенттіктің негізгі жұмысы бизнеске реттеушілік жүктемені азайтуға бағытталған.