АЛМАТЫ КАЛАСЫНДАҒЫ АВТОСАЛОНДАРДЫҢ ӘРЕКЕТІНЕН ҮСТЕМ ЖАҒДАЙДЫ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

АЛМАТЫ КАЛАСЫНДАҒЫ АВТОСАЛОНДАРДЫҢ ӘРЕКЕТІНЕН ҮСТЕМ ЖАҒДАЙДЫ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қаладағы ірі автосалондардың әрекетінен монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін анықтады.

Жаңа автокөліктерді сату нарығындағы бәсекелестік жағдайын талдау нәтижелері, сондай-ақ Алматы қаласы прокуратурасының материалдары негізінде, «Astana Motors Motor Company» ЖШС (Hyundai Premium Almaty, Hyundai Auto Almaty, Hyundai Premium Batys, Сүйінбайдағы Toyota Center), «Orbis Auto» ЖШС (Nissan Center, Toyota City, Volkswagen Center) және «Toyota Tsusho Kazakhstan Auto» ЖШС (Toyota Center Жетісу, Lexus Center Алматы) әрекеттеріне қатысты, үстем жағдайды теріс пайдалану бөлігінде,  тұтынушыларға қосымша тауарларды таңу және автокөліктерді сату бойынша қызметтер көрсетуде,  Қазақстан Республикасының бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері анықталды

Ағымдағы жылдың 27 маусымында аталған нарық субъектілеріне мұндай бұзушылықтарды тоқтату және олардың алдағы уақытта орын алуына жол бермеу қажеттігі туралы хабарламалар жіберілді.

Кәсіпкерлік кодекстің нормаларына сәйкес, нарық субъектісі хабарламада көрсетілген әрекеттерді белгіленген мерзімдерде тоқтатпаса, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды.

Хабарламаны орындаудың және оның орындалғаны туралы ақпаратты ұсынудың соңғы мерзімі оны нарық субъектісі алған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.