СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫНА БӨЛШЕК САУДА БАҒАЛАРЫН РЕТТЕУ БОЙЫНША БҰЙРЫҚ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫНА БӨЛШЕК САУДА БАҒАЛАРЫН РЕТТЕУ БОЙЫНША БҰЙРЫҚ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен «Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Төрағасы бұйрығының жобасын әзірленді.

Жобада Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке май құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге арналған уақытша мемлекеттік бағалық реттеу қолданылу мерзімін ағымдағы жылдың соңына дейін ұзарту көзделген.

Барлық мүдделі тараптарды бұйрық жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз, онымен «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14139315 сілтеме бойынша танысуға болады немесе Агенттіктің интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/320572?lang=kk.

Бұйрық жобасына ескертулер мен ұсыныстар электрондық мекен-жайға қабылданады b.erkin@azrk.gov.kz.