ӨРМЕК 8 АЙ ІШІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДА КАРТЕЛЬДІК СӨЗ БАЙЛАСУДЫҢ 27 БЕЛГІСІН АНЫҚТАДЫ

ӨРМЕК 8 АЙ ІШІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДА КАРТЕЛЬДІК СӨЗ БАЙЛАСУДЫҢ 27 БЕЛГІСІН АНЫҚТАДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2021 жылғы қарашада енгізген «Өрмек» іздестіру ақпараттық жүйесі 8 ай ішінде мемлекеттік сатып алуда картельдік сөз байласудың 27 белгісін анықтады. Оның ішінде 17 белгі бойынша 35 нарық субъектісіне қатысты тергеп-тексеру басталды, 10 белгі бойынша 20 нарық субъектісіне қатысты материалдар талданып жатыр.

«Атамекен» ҰКП-ның «Сатып алулардың бірыңғай терезесі» платформасында құрылған «Өрмек» ақпараттық жүйесі сауда-саттықта картельдік сөз байласу белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. Ресейде «Большой цифровой кот» атты сауда алаңдарынан қорытынды деректерді автоматты түрде қалыптастыратын ұқсас жүйе жұмыс істейді. «Өрмек» қазақстандық талдау жүйесінің маңызды айырмашылығы сауда-саттыққа қатысушылардың арасында сауда-саттықта сөз байласудың ықтимал белгілері туралы автоматты түрде хабарлай отырып, іс-әрекетті талдайды және жанама байланысты айқындайды. Жүйенің қолданылу аясы 2019 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуды қамтиды.

Мысалы, жүйенің көмегімен 2019 жылы тапсырыс берушілер жергілікті атқарушы органдар болып табылатын автомобиль жолдарын жөндеуге арналған 7 сатып алу бойынша конкурстарға екі компания бірлесіп қатысып, бір-біріне жалған бәсекелестік тудырып, іс жүзінде бағаны төмендетпей кезек-кезек жеңіске жеткені анықталды. Сатып алудағы үнемдеу 0,010%-ды құрады. Картельдік сөз байласудың белгілері бұл кәсіпорындардың бір-біріне мемлекеттік сатып алу шарттарын орындау бойынша мердігерлер және қосалқы мердігерлер болып табылғанымен де расталады. Қазіргі кезде тергеп-тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді.