Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жеткізушілерді онлайн ауыстырудың пилоттық жобасы шеңберінде цифрлық платформалар үшін тұрғын үй иесін сәйкестендіру жөніндегі ақпараттық сервис жұмысқа енгізілді.
Пилоттық жоба бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бастамасы бойынша іске асырылуда. Жоба үшін арнайы Әділет, цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері Smart Bridge алаңында тұрғын үй иесін сәйкестендіру сервисін әзірледі және орналастырды (иә/жоқ).
Сервис цифрлық платформаларға көппәтерлі тұрғын үй мекенжайының тіркеу коды және жылжымайтын мүлік иесінің ЖСН бойынша электрондық дауыс беру процесінде меншік иесін сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Бұрын хабарланғандай, пилоттық жобаға «Е-KNOT», «AULA», «Iqamal», «Osi.kz», «Pater Services» цифрлық платформалар қатысуда. Жобаға қатысу ерікті болып табылады. Қалағандар да қосыла алады.
«Е-KNOT» 2022 жылдың 1 маусымынан бастап Нұр-сұлтан тұрғын үй кешендерінде жеткізушілерді ауыстыру бойынша тұрғындар арасында электрондық дауыс беруді өткізуге дайын екенін хабарлады:
- ТК Восток - Жансүгіров 8/3
- Жеңіс даңғылы, 31 үй.
Басқа цифрлық платформалар «Иә/Жоқ» ақпараттық сервисімен интеграциялау жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар, «iQamal» қауымдастығы Нұр-сұлтан қаласы бойынша қызметтерді жеткізушілердің тізілімін қалыптастырды. Ақпарат жобаға қатысушылардың интернет-ресурстарында қолжетімді. Тізілімді электрондық дауыс беруді өткізу кезінде цифрлық платформалар пайдалана алады.
Жобаға қосылған цифрлық платформалардың санына байланысты тұрғын үйлердің саны өзгеруі мүмкін. Жоба шамамен 2022 жылдың соңына дейін жалғасады.
Аралық нәтижелер, сапа мәселелері және қызмет көрсету жұмысы жарияланады.