АБК-АВТОДОР НС ЖӘНЕ КАЗАХДОРСТРОЙҒА САТЫП АЛУДАҒЫ КАРТЕЛЬДІК СӨЗ БАЙЛАСУ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

АБК-АВТОДОР НС ЖӘНЕ КАЗАХДОРСТРОЙҒА САТЫП АЛУДАҒЫ КАРТЕЛЬДІК СӨЗ БАЙЛАСУ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

«АБК-Автодор НС» ЖШС және «Казахдорстрой» ЖШС сатып алудағы картельдік сөз байласу үшін айыппұл салынып және жалпы сомасы 539,9 миллион теңге монополиялық кірісті тәркілей отырып әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің «АБК-Автодор НС» ЖШС және «Казахдорстрой» ЖШС-ға қатысты жүргізілген тергеп-тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша бір жылға жуық уақытқа сот талқылауының нәтижесі осы болды.

2021 жылғы наурызда хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша монополияға қарсы департамент «АБК-Автодор НС» ЖШС және «Казахдорстрой» ЖШС арасындағы автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу қызметтерін сатып алу бойынша конкурстарда бағаларды ұстап тұру бөлігінде картельдік сөз байласу фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады. Тендерлердің жалпы сомасы 14,7 млрд теңгені құрады. «АБК-Автодор НС» ЖШС және «Казахдорстрой» ЖШС-ның мемлекеттік сатып алуға қатысқаны, олардың бірі екіншісіне сатып алуды ең жоғары бағамен өтті деп тану үшін жалған бәсекелестік тудырғаны анықталды.

Атап айтқанда, 2020 жылғы 9 сәуірде сатып алуды ұйымдастырушы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 7 280 315 541 теңгеге тендер жариялады. «АБК-Автодор НС» ЖШС бастапқы бағаға тең баға – 7 280 315 541 теңге, ал «Казахдорстрой» ЖШС бастапқы бағадан 0,004%-ға, немесе 315 541 теңгеге төмендетіп, 7 280 000 теңге ұсынды. Конкурс қорытындысы бойынша «Қазақдорстрой» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Нәтижесінде, 7 лоттың қорытындысы бойынша тергеп-тексеру объектілері ешқандай бәсекелестік күрессіз бастапқы бағаға тең бағаны немесе ең аз төмендетуді ұсына отырып, бір-біріне жалғыз бәсекелес ретінде әрекет еткен, ең төменгі бағаны төмендету кезінде жеңімпаз деп танылды.

«АБК-Автодор НС» ЖШС және «Казахдорстрой» ЖШС тергеп-тексеру нәтижелері бойынша астаналық монополияға қарсы департаменттің қорытындысын бекіту туралы бұйрыққа шағымданды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы үш сатыдағы сот талқылауының нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның пайдасына шешім шығарды.

«АБК-Автодор НС» ЖШС және «Казахдорстрой» ЖШС-ға қатысты әкімшілік істер қозғалды. Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2021 жылғы қазанда қарау нәтижелері бойынша кәсіпорындар айыппұл салумен және «АБК-Автодор НС» ЖШС – 106,3 млн.теңгеге, «Қазақдорстрой» ЖШС – 433,5 млн. теңгеге монополиялық кірісті тәркілеумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2022 жылғы сәуір-мамыр айларында апелляциялық сатыда қаралған істердің қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының соты бірінші сатыдағы соттардың шешімдерін өзгеріссіз қалдырды. Соттардың қаулылары заңды күшіне енді.

«АБК-Автодор НС» ЖШС өтеу кестесіне сәйкес айыппұлдың бір бөлігін 54,7 млн. теңге төледі.