«АНВАР» ЖШС ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ

«АНВАР» ЖШС ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент қантты көтерме саудада өткізу тауар нарығына талдау қорытындысы бойынша «Анвар» ЖШС және жеке кәсіпкер «Төле-Би» іс-әрекетінде көтерме саудада қантты сату бағасын негізсіз өсіру бөлігінде монополияға қарсы заңнаманың бұзылу белгілері анықталды.

2022 жылдың бірінші тоқсанында Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы департамент қантты көтерме саудада өткізудің тауар нарығын талдау қорытындылары бойынша "Анвар" ЖШС мен "Төле Би" компаниясының іс-әрекеттерінде зерттелетін кезеңде қантты көтерме саудада өткізу бағасын орта есеппен 5,3% - ға негізсіз арттыру бөлігінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін көрді.

"Анвар" ЖШС Ақтөбеде тіркелгеніне байланысты талдау материалдары Ақтөбе облысы бойынша БҚДА  аумақтық бөлімшесіне берілді. Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы департамент "Анвар" ЖШС-не оның әрекеттерінде бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілерінің болуы және оларды жою қажеттілігі туралы хабарлама шығарды, оны кәсіпорын белгіленген мерзімде орындамаған. "Анвар" ЖШС-не қатысты хабарламаның орындалмауына байланысты монополияға қарсы тергеу басталды.