О НЕЗАКОННОСТИ ДЕЙСТВИЙ АВТОСАЛОНОВ ПО НАВЯЗЫВАНИЮ ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБОРУДОВАНИЯ ПРИ РЕАЛИЗАЦИИ АВТОМАШИН В РАМКАХ ПРОГРАММЫ ЛЬГОТНОГО АВТОКРЕДИТОВАНИЯ

О НЕЗАКОННОСТИ ДЕЙСТВИЙ АВТОСАЛОНОВ ПО НАВЯЗЫВАНИЮ ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБОРУДОВАНИЯ ПРИ РЕАЛИЗАЦИИ АВТОМАШИН В РАМКАХ ПРОГРАММЫ ЛЬГОТНОГО АВТОКРЕДИТОВАНИЯ

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңмен мәжбүрлі ассортиментпен тауарларды сатуға тыйым салынған және тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарының ден қою шараларын қабылдауы үшін негіз болып табылады.

Егер аталған әрекеттер осы жабдықты жеткізуші басқа да нарық субъектілеріне залал келтірген немесе залал келтіруі мүмкін болған жағдайда, бұл монополияға қарсы заңнаманы бұзу болып табылады және 200-ден 1500 АЕК-ке дейінгі сомада айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа не субъектіні нарықта үстем жағдайға ие тану кезінде монополиялық кірісті тәркілей отырып, табыстың (түсімнің) 3-тен 5%-ға дейінгі мөлшерінде айналым айыппұлына әкеп соғады.

Монополияға қарсы орган автодилерлерге тұтынушыларға қосымша жабдықтарды таңу фактілеріне жол берілмейтіні туралы ескертеді және жеңіл автомобильдерді бастапқы бөлшек саудада өткізу нарығын талдау рәсімінің басталғанын хабарлайды.

Автомобильдерді сату кезінде қосымша жабдықтарды күштеп таңу фактілері орын алған жағдайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және монополияға қарсы органдарға жүгінулеріңізді сұраймыз.