БҚДА ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ҚОРЫНА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕГЕНІ ҮШІН ХАБАРЛАМА ШЫҒАРДЫ

БҚДА ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ҚОРЫНА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕГЕНІ ҮШІН ХАБАРЛАМА ШЫҒАРДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Евразия» СК» АҚ сақтандыру компаниясының «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ға (Қор) қатысты өтінішін қарау нәтижелері бойынша Қорға бәсекелестікті шектейтін әрекеттерді тоқтату туралы хабарлама шығарды.

Қор лизинг алушымен жасасатын Шарттың талаптарына сәйкес Қор лизинг заттарының және/немесе кепіл заттарының әрбір санатына қатысты сақтандыру қажеттілігімен байланысты тәуекелдерді сәйкестендіреді. 2021 жылғы қаңтарда Қор сақтандыру компанияларының пулын құрды, оған «Халық» сақтандыру компаниясы» Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы» АҚ, «НОМАД Иншуранс» СК» АҚ, «Қазақмыс» СК» АҚ, «SINOASIA B&R» СК (Синоазия БиЭндАр) АҚ және «Виктория» СК» АҚ кірді. 

Өтінішпен жұмыс істеу шеңберінде БҚДА лизинг шартын жасасу кезінде Қор лизинг алушыларға пулға қатысушы компаниялармен лизинг нысанасын сақтандыру шарттарын жасасуға кеңес бергенін анықтады.

Қордың мұндай әрекеттері сақтандыру қызметтері нарығындағы бәсекелестікті шектейді, себебі олар пулға қатысушыларға негізсіз артықшылықтар береді.

Монополияға қарсы органның хабарламасы хабарлама алынған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде орындалуға жатады. Хабарлама БҚДА белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда, Кәсіпкерлік кодекстің нормаларына сәйкес тергеп-тексеру жүргізілетін болады.

Ашық көздерден алынған фотосурет.