
«Түркістан» ӘКК» АҚ тарапынан Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы департаменттің хабарламасының орындалмауы тергеп-тексеруді бастауға негіз болып табылды.
Бұған дейін хабарланғандай, 2022 жылдың 3 наурызында Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы департамент, акционерлік қоғамының қызметіне бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысынан мониторинг жүргізу шеңберінде «Түркістан» ӘКК» АҚ-на қатысты бәсекелестік заңнамасын бұзушылық белгілерін жою қажеттілігі туралы хабарлама жолдады. Үкімет бекіткен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келмейтін тұрғын үйлер мен кешендер салу үшін жер учаскелерін беру бәсекелестік заңнамасын бұзушылық белгілері болып табылған.
Аталған хабарлама бекітілген мерзімінде орындалмауына байланысты Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Түркістан» ӘКК» АҚ-на қатысты тергеп-тексеру бастады.