МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫМЕН БІРЛЕСІП ПМХЗ-НЫҢ ҮСТЕМ ЖАҒДАЙДЫ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУ ФАКТІЛЕРІН АНЫҚТАДЫ

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫМЕН БІРЛЕСІП ПМХЗ-НЫҢ ҮСТЕМ ЖАҒДАЙДЫ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУ ФАКТІЛЕРІН АНЫҚТАДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратураның басшылығымен «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС қызметін ведомствоаралық тексеру шеңберінде 2021 жылы шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындауға монополиялық жоғары баға белгілеу түрінде зауыттың өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілерін анықтады.

Монополияға қарсы департаменттің қорытындысын прокуратура іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдады.

2022 жылғы 31 наурызда Экономикалық тергеу департаменті 2021 жылы шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша қызметтерге монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі бойынша «ПМХЗ» ЖШС басшылығына қатысты (қылмыстық іс қозғалды) сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.