ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ САТЫП АЛУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ САТЫП АЛУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

2022 жылғы 29 наурызда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, Қаржы министрлігінің және «Самұрық-Қазына» қорының мамандары «Деректерді талдау үшін жаңа құралдарды қолдану арқылы бәсекелестікті қолдау және сатып алу стратегиялары арасында байланыс құру» тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинарды Дүниежүзілік Банк пен Бразилияның Бәсекелестікті қорғау агенттігі (CADE) ұйымдастырды.

Семинарда Дүниежүзілік банк өкілдері, бас экономистер Мариана Йути мен Грациела Мираллес, ғылыми зерттеулер жөніндегі директор Михали Фазекас және CADE экономикалық мүдделерді қорғау жөніндегі кеңестің талдау бөлімінің басшысы Фелипе Лейтао Валадарес Рокуете сөз сөйледі.

Талқылаудың негізгі тақырыбы мемлекеттік сатып алудағы бәсекелестік болды. Қатысушылар анағұрлым жетілдірілген стратегияларды әзірлеу нюанстарын және бәсекелестік емес сатып алу құнын, мемлекеттік сатып алу туралы жалпыға қолжетімді деректерді пайдалана отырып картельдердің тәуекелдерін бағалау жүйесін талқылады. «Cerebro» жобасын іске асыру кезінде CADE кейсі таныстырылды.

БҚДА атынан Төраға орынбасары Марат Омаров ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ақпараттық материалдар үшін алғысын білдіріп, Қазақстанда сауда-саттықта картельдік сөз байласуға жол бермеу, үздік практикаларды енгізу бөлігінде мемлекеттік сатып алу саласындағы саясатты жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылатынын атап өтті.