«ТАРАЗ» ӘКК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МЕН КЕШЕНДЕР ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ЗАҢСЫЗ БЕРДІ

«ТАРАЗ» ӘКК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МЕН КЕШЕНДЕР ҚҰРЫЛЫСЫНА  ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ЗАҢСЫЗ БЕРДІ

Монополияға қарсы департаментпен «Тараз» ӘКК акционерлік қоғамының қызметіне бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысынан мониторинг жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қайшы келетін жер учаскелерін заңсыз беру түріндегі заңнаманы бұзу, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №13 «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қызметтің басым түрлерінің тізбесі бекітілген.

Алайда, «Тараз» ӘКК акционерлік қоғамы инвестициялық және инновациялық жобалар болып табылмайтын және Үкімет бекіткен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келмейтін тұрғын үйлер мен кешендер салу үшін жер учаскелерін заңсыз бергені анықталды.

«Тараз» ӘКК акционерлік қоғамына жер учаскелерін заңсыз беру тәжірибесін тоқтату туралы хабарлама шығарылды, оның орындалуы 30 күнді құрайды.

Аталған хабарлама орындалмаған жағдайда монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жұмыстары тағайындалады.

Ашық көздерден алынған фотосурет