БҚДА 6 СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ КӨТЕРМЕ САТУШЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУДІ БАСТАДЫ

БҚДА 6 СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ КӨТЕРМЕ САТУШЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУДІ БАСТАДЫ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газының 6 көтерме сатушысына қатысты тергеуді бастады: "Қазмұнайгаз" АҚ, "Petrosun" ЖШС, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "СП Қазгермұнай" ЖШС, "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС және "ҚазГӨЗ" ЖШС.

Осы нарық субъектілерінің іс-әрекеттерінде СМГ-ны электрондық саудада көтерме сату кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеуге қатысты үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталған.  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тергеудің алдын ала қорытындылары 20 күн ішінде шығарылатын болады.