ПАРЛАМЕНТ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЗАҢ ҚАБЫЛДАДЫ

ПАРЛАМЕНТ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЗАҢ ҚАБЫЛДАДЫ

2021 жылғы 29 желтоқсанда Парламент Мәжілісінің депутаттары Парламент Сенаты енгізген бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша заң жобасына өзгерістерді қарады.

Қарау қорытындысы бойынша мәжілісмендер квазимемлекеттік сектор субъектілерін құру кезінде Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының келісімін алу және олардың қызметін кеңейту жөніндегі талапты алып тастау туралы Сенаттың түзетуін қолдады.

Осылайша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды деп есептеледі және жақын арада Мемлекет басшысының қол қоюына ұсынылатын болады.

Заң нарық субъектілері үшін тең жағдайлар жасауға, шешуші қуатқа қол жеткізуді кеңейтуге және адал бәсекелестікке кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға бағытталған.

 

Сурет ашық көздерден алынды