
Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы департамент тауық жұмыртқасын өндіру және көтерме сату нарығына жүргізген талдау қорытындылары бойынша С-1 санатындағы жұмыртқаларға бағаларды белгілеу кезінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимыл белгілері анықталды.
Талдау нәтижелері негізінде Департамент екі құс фабрикасы "Павлодар Құс "ӨК" ЖШС және "Шарбақты-Құс" ЖШС-ға қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері бойынша тергеуді бастады.
Сурет ашық көздерден алынды