ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СУБСИДИЯЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ "КҮТУ ПАРАҒЫ" ЕНГІЗІЛДІ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СУБСИДИЯЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ "КҮТУ ПАРАҒЫ" ЕНГІЗІЛДІ

Осылайша, АӨК-дегі бәсекелестікті шектейтін тағы бір кедергі жойылды

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы Кедергілер жөніндегі кеңестің кезекті отырысында субсидиялаудың (Qoldau) ақпараттық жүйесіндегі бәсекелестікке қарсы кедергі анықталды. Ақпараттық жүйе жергілікті бюджетте қаржыландыруға ақша болмаған кезде субсидия алу үшін өтініш беруге мүмкіндік бермеген,  ал қаражат пайда болған кезде платформа өтінімдерді қаржы таусылғанға дейін қабылдаған.

Осы кедергіні жою мақсатында БҚДА мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомствоаралық тобы құрылды, бұл топ жұмысының нәтижесінде "Күту парағын" енгізу бөлігінде "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" АШМ-нің 2021 жылғы 16 қарашадағы бұйрығына өзгерістер енгізілді. Ендігәрі кәсіпкерлер өз бағыттары бойынша резервке (күту парағына) енгізіледі және осы өтінімдер бойынша субсидия төлеу келесі жылы қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде өтінімдердің келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша жүзеге асырылатын болады.

 

Бұйрық 2022 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сурет ашық көздерден алынды