Биржалық комитеттің 2021 жылғы 22 қазанындағы отырысының қорытындысы бойынша мұнай өнімдерінің айналымы көлемі бойынша биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін мұнай өнімдерін сатып алушыларға қойылатын талаптарды жылына 20 мың тоннадан 5 мың тоннаға дейін төмендету туралы шешім қабылданды.
Жылына 5 мың тонна мұнай өнімдерінің айналымы көлемінің бұл деңгейі шағын өңірлік ЖҚС бөлшек сауда желісінің бизнес көлеміне сәйкес келеді, бұл осы нарықтағы ең басым сегмент болып табылады.
Осылайша, қабылданған шешім мұнай өнімдерінің биржалық саудасына қатысушылардың санын кеңейтуге ықпал ететін болады.
Биржалық комитеттің хаттамасымен және мұнай өнімдерін тауар биржалары арқылы көтерме саудада өткізу жөніндегі ұсынымдардың (секциялық Қағидалардың) соңғы редакциясымен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында "Биржалық комитет" бөлімінде танысуға болады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/174934?directionId=13065&lang=ru
https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/article/details/65383?directionId=12930&lang=ru
Сурет ашық көздерден алынды