«ТАРАЗ МЕТАЛЛ ИНВЕСТ» ЖШС-ГЕ ҚАТЫСТЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ

«ТАРАЗ МЕТАЛЛ ИНВЕСТ» ЖШС-ГЕ ҚАТЫСТЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ

      Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Тараз Металл Инвест» ЖШС-ге қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін, атап айтқанда, әртүрлі тұтынушыларға арматураны сату кезінде мәні бірдей келісімдерге әртүрлі бағаларды белгілегені үшін тергеуді бастады.

«Тараз Металл Инвест» ЖШС аймақтағы орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылады, облыс бойынша арматураны сатумен айналысады.

Осы жылдың шілде айында Департамент «Тараз Металл Инвест» ЖШС-ге қатысты хабарлама шығарды. Оны кәсіпкерлік субъектісі орындады. Алайда, кейін талдау барысында компания тауарды сату кезінде әртүрлі бағаларды қолдануды жалғастырғаны анықталды.

Тергеп-тексеруді тағайындауға «Тараз Металл Инвест» ЖШС монополияға қарсы орган хабарлама шығарған күннен кейін бір жыл ішінде осындай бұзушылықты қайталағаны негіз болды.

 

Сурет ашық көздерден алынды