ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН АУЫЛ ӘКІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ӘКІМШІЛІК ІС ҚОЗҒАДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН АУЫЛ ӘКІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ӘКІМШІЛІК ІС ҚОЗҒАДЫ

Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы департамент "Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы әкімінің аппараты" КММ-не қатысты тергеп-тексеруді аяқтады. Оның қорытындысы бойынша Бауыржан Момышұлы ауылының әкіміне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 163-бабының 1-бөлігі бойынша 875 100 теңгені құрайтын 300 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік іс қозғалды.

Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында анықталғандай, аталған коммуналдық мекеме "Жасыл-Жуалы" ШЖҚ КМК-мен жарғысында көзделмеген абаттандыру қызмет түріне шарт жасасқан. Бұл монополияға қарсы департамент хабарлама шығарған сәттен бастап 1 жыл ішінде қайталанған ұқсас  бұзушылық болып табылды.