АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ «АДМ-ГАЗ» ЖШС-НЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУДЕ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ «АДМ-ГАЗ» ЖШС-НЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУДЕ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (БҚДАД) автогаз құю станциясы (АГҚС) арқылы сұйытылған мұнай газын (СМГ) бөлшек саудада өткізу нарығына талдау жүргізді.

Талдау жүргізу барысында «АДМ-ГАЗ» ЖШС, «Альянс Газ» ЖШС, «City CAS Service» ЖШС, «LT-GAS» ЖШС, «Автогаз Трейд» ЖШС әрекеттерінде сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын нарық субъектілерінің келісілген іс-әрекеттерінен бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері анықталды.

«АДМ-ГАЗ» ЖШС мекен-жайына анықталған бұзушылық белгілерін жою бойынша хабарлама шығарылды. Басқа автогаз құю станцияларына қатысты материалдар заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша басқа аумақтық департаменттерге одан әрі жұмыс істеуге жолданды.

Белгіленген мерзімде «АДМ-ГАЗ» ЖШС хабарламаны орындамады, соның негізінде департамент тергеуді бастады.

 

Сурет ашық көздерден алынды