REXONA ЖӘНЕ NIVEA ЖАРНАМАЛАРЫНДАҒЫ ЖӨН-ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖОЙЫЛДЫ

REXONA ЖӘНЕ NIVEA ЖАРНАМАЛАРЫНДАҒЫ ЖӨН-ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖОЙЫЛДЫ

Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы департаменттінің NIVEA атына шығарған  ұйғарымы 1,5 жылға созылған сот талқылауларынан кейін заңды деп танылды.   

2019 жылдың маусым айында Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы департаментіне "Байерсдорф Қазақстан" ЖШС-ден (NIVEA бренді) "Юнилевер Қазақстан" ЖШС-нің (Rexona бренді) жөн-жосықсыз және шындыққа сәйкес келмейтін жалған жарнамасына қатысты өтініш келіп түсті. Өтінішті қарау барысында Алматы монополияға қарсы департаменті "Юнилевер Қазақстан" ЖШС Rexona антиперспиранттарын сату кезінде "Жағымсыз иістен 10 есе жақсы қорғау" ұранын қолданғанын анықтады, алайда бұл микробиологиялық in-vitro тест нәтижелері бойынша алынған деректерге сәйкес келмеді.

Алынған нәтижелер негізінде Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы департамент "Юнилевер Қазақстан" ЖШС атына жөн-жосықсыз бәсекелестікті тоқтату және алдағы уақытта Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға жол бермеу туралы хабарлама енгізді.

Хабарлама орындалды, "Юнилевер Қазақстан" ЖШС шындыққа сәйкес келмейтін мағлұмат жазылған тауарды сатуды тоқтатты, ал қаптамасына зерттеу нәтижесінде алынған нақты деректер көрсетілді: "Микробиологиялық in-vitro тестінің нәтижелері бойынша – бактерияларға қарсы 10 есе жақсы қорғау: антиперспирантты пайдаланбай тек кәдімгі сабынмен салыстырғанда қолданғаннан кейін 5 және 24 сағаттан кейін бактерияларды 10 есе қысқарту".

2019 жылдың қазан айында Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы департаменттіне "Юнилевер Қазақстан" ЖШС-ден "Байерсдорф Қазақстан" ЖШС әрекетіне қатысты өтініш келіп түсті. Онда сайтта www.nivea.kz және дүкен сөрелерінде орналастырылған жарнамалық материалдар "Nivea қара және ақ көрінбейтін" антиперспиранты "Дақтарға қарсы әлемдегі №1 антиперсперант" деген мәлімдеме шындыққа жанаспайды делінген. Өтініш бойынша жұмыс істеу кезінде бұл ақпарат расталды.

Зерттеу нәтижелері негізінде "Байерсдорф Қазақстан" ЖШС атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тоқтату және алдағы уақытта жол бермеу туралы хабарлама енгізілді.

Алайда, "Байерсдорф Қазақстан" ЖШС заңнамада белгіленген мерзімде хабарламаны орындамады. Нәтижесінде монополияға қарсы департамент тергеу жүргізді, оның қорытындысы бойынша "Байерсдорф Қазақстан" ЖШС атына бәсекелестік саласындағы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы ұйғарым енгізілді. Сото қарауы басталып, ол 1,5 жылға созылды. 2021 жылдың наурызда Алматы қалалық соты монополияға қарсы департаменттің нұсқамасын заңды және негізді деп таныды. 2021 жылдың 30 қыркүйек айында "Байерсдорф Қазақстан" ЖШС өз өнімінен шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты жойып, нұсқаманы орындады.