«СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ ӘРЕКЕТТЕРІНЕН ЖӨН-ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ ӘРЕКЕТТЕРІНЕН ЖӨН-ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІЛЕРІ  АНЫҚТАЛДЫ

Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы Департаментке өтініш келіп түсті, онда "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ құбырларды сатып алу кезінде өзінің конкурстық құжаттамасында құбыр өнімдерін нақты жеткізушіден сатып алуды көздейтін техникалық шектеулерді көрсетеді, сол арқылы адал бәсекелестік қағидаттарын бұзады және жеткізушілердің кең тобының конкурсқа қатысуға қолжетімділігін шектейді делінген.

Монополияға қарсы департамент өтінішті зерделеу және онымен жұмыс істеу барысында баяндалған мәліметтердің дұрыстығын анықтады. "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ құбырларын сатып алу ерекшелігінде көрсетілген құбыр өнімдерінің техникалық сипаттамалары тендерге CNPC тобына кіретін бір ғана компанияның қатысуына мүмкіндік берді. Осылайша, адал бәсекелестік қағидаттары бұзылып, өнім берушілердің кең ауқымының конкурсқа қатысуға қолжетімділігі шектелді.

Жосықсыз бәсекенің анықталған белгілері негізінде Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы департамент оларды жою бойынша шаралар қабылдау үшін "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-ның атына хабарлама шығарды.

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ монополияға қарсы органға хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш жасады, алайда хабарламаны орындау үшін қосымша уақыт талап етілмегендіктен, өтінішхаттан бас тартылды.

Нәтижесінде монополияға қарсы органның хабарламасы толық көлемде орындалды, оның ішінде құбырларды сатып алуға тендердің күші жойылды.

 

Сурет ашық көздерден алынды