АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА СОТ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУІНІҢ КҮШІН ЖОЙДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА СОТ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУІНІҢ КҮШІН ЖОЙДЫ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (Департамент) жүргізілген талдау нәтижесі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы, сондай-ақ Райымбек және Балхаш аудандарының білім бөлімі тарапынан монополияға қарсы органның келісімінсіз 3 балабақша құру және тіркеуге қатысты заң бұзушылықтар анықталды, бұл Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабын бұзу болып табылады.

Заң нормаларына сәйкес-заңды тұлғаны тіркеудің күшін жою, сол сияқты оны тарату заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде ғана жүргізіледі.

Осыған байланысты, Департамент «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы әрекетін заңсыз деп тану және балабақшаларды мемлекеттік тіркеудің күшін жою туралы сотқа талап арыз берді.

Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Департаменттің талап арызы толығымен қанағаттандырылып, жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тіркеуінің күші жойылды.

 

Сурет ашық көздерден алынған