СҚО-ДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ ХАБАРЛАМАСЫНАН КЕЙІН ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕДІ

СҚО-ДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ ХАБАРЛАМАСЫНАН КЕЙІН ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕДІ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті құрылыс материалдары нарықтарындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізді.

Жүргізілген талдау шеңберінде арматуралық болат, бетон және қабырғалық бетон блоктарын өндірумен және өткізумен айналысатын субъектілердің іс-әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды.

Аймақтағы арматуралық болатты көтерме саудада сатушылар: "Силантьева" ЖК, "Ермекбай-Строй Групп" ЖШС және М350 маркалы бетон өндірушілер мен сатушылар: "Вайк Групп" ЖШС, "ЭкспрессБетон" ТДО, "Единство" ЖШС әрекеттерінде бағаларды белгілеуге және ұстап тұруға алып келген бұзушылық белгілері анықталды.

Қабырғалық бетон блоктарды көтерме саудада өткізуші "ЛогикаСтрой Ресурс" ЖШС-нің іс-әрекеттерінде тең мәнді келісімдерге әртүрлі бағаларды қолдану бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталды, бұл нарықтың жекелеген субъектілерінің құқықтарын шектеуге әкеп соқты.

Іс-әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер белгілері анықталған нарық субъектілеріне бұзушылықтарды заңнамада белгіленген мерзімде жою қажеттігі туралы хабарламалар шығарылды.

Хабарламаларды орындау аясында кәсіпкерлер Солтүстік Қазақстан облысында қабырғалық бетон блоктарға-8% – ға, арматуралық болатқа-10,7% - ға бағаны төмендетті.

Сурет ашық көздерден алынды